Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Маңғыстауда 60 мұғалім жалған дипломмен оқушыларға "жалған білім" беріп келген

09:39, 16 тамыз 2024 368

Маңғыстау облысында 60 "мұғалім" жалған дипломмен қызмет атқанған. Бұл білім басқармасының аймақ мектептерін тектсеруі, қызметкерлердің дипломдарына мониторинг жұмыстарын жүргізуі нәтижесінде анықталды, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы.

Былтыр және биыл жүргізілген осы жұмыстардың нәтижесінде 60 мұғалімнің бірнеше жыл бойы жалған дипломмен жұмыс істеп келгені анықталды.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, олардың барлығы жұмыстан босатылған.

"Облыстың педагогтердің дипломдарын анықтау мақсатында жоғары оқу орындарына және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарына сұраныс жолданды. Сонымен қатар мұғалімдердің жұмыс кезеңіңдегі қаражатты мемлекеттік бюджетке кері қайтару үшін сот органдарына шағым жолданды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда", - делінген білім басқармасының хабарламасында. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар