Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мәңгілік билікке, монополиялануға жол бермейді»: Елнұр Бейсенбаев жаңа конституция жобасы туралы пікір білдірді

20:10, 03 ақпан 2026

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев жаңа Конституциядағы президенттік өкілеттікті жеті жылдық бір мерзіммен шектеу туралы норма елдегі билік монополиясын толықтай жойып, басқару жүйесінің әділдігін қамтамасыз ететінін мәлімдеді, деп жазады Alash.kz.

Депутаттың пайымынша, президенттік өкілеттік мерзімін нақты шектеу мемлекеттік деңгейдегі әділеттілік пен халық алдындағы жауапкершіліктің басты кепілі болмақ. Бұл өзгеріс бір адамның билік басында «мәңгілік» қалу мүмкіндігін заң жүзінде толықтай жоққа шығарады.

Халық қалаулысы заң жобасындағы бұл маңызды қадамды былай деп нақтылады:

«Конституция жобасының 43-бабының 1-тармағында президенттің жеті жыл мерзімге бір рет сайланатыны көрсетілген. Бұл – биліктің монополиялануына жол бермейтін айқын норма. Өздеріңіз білетіндей, бұл норма 22 жылға созылған реформалар кезеңінен кейін енгізілді. Бұл сондай-ақ жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарының көрінісі».

Мәжіліс өкілінің айтуынша, мұндай шектеулер билік тармақтарының тепе-теңдігін сақтап, саяси жүйенің тұрақты жаңарып отыруына жағдай жасайды. Жаңа реформалар кезеңі «мәңгілік билік» сияқты мемлекет басқару ісіндегі ескірген қағидаттарды жоюды мақсат етіп отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар