Танымал әнші Сәкен Майғазиев жақында дүниеге келген немересінің есімін көпшілікке жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі бұл қуанышты жаңалықпен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, сәбиге азан шақырылып, қасиетті жұма күні есім беру рәсімі өткізілген.
«Белсенділік танытып, тілектес болғандарыңызға мың алғыс! Жақындарымызбен ақылдаса келе, қасиетті жұма күні, өзі де, өмірі де әдемі болсын деп, Алла тағала әдемі қарттыққа жеткізсін деген ниетпен немереміздің есімін Әдемі деп қойдық. Әдемі Әділетқызы, Алла тағала маңдайыңа әдемі тағдыр жазсын. Әумин!» – деп жазды әнші.
Осылайша, сәбиге Әдемі Әділетқызы деген есім берілді. Желі қолданушылары жас нәрестеге ақжарма тілектерін жаудырып, Майғазиевтер отбасын қуаныштарымен құттықтады.