Белгілі әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде арнайы жазба жариялап, өзіне қолдау білдіріп, құрмет көрсетіп жүрген барша тыңдармандары мен оқырмандарына жүрекжарды алғысын білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі халықтың ыстық ықыласы мен ақ тілектері өзіне ерекше қанат бітіретінін жасырмады. Сонымен бірге ол кез келген ортада үлкендерден де, қатарластары мен кішілерден де жылылық көретінін атап өтті.
Оқырмандарына арналған лебізінде Мөлдір Мұқан өзінің ішкі толғанысын былайша жеткізді:
«Сәби Мөлдір, ерке Мөлдірді оятқан әрбір оқырманыма алғыс айтамын, рас сіздер еркелеткенде өзімді бөпе, сәби сезінемін. Білсеңіздер ғой, сіздерді қалай жақсы көретінімді. Қай жаққа барсам да үлкендер маңдайымнан сүйіп, арқамнан қағып еңсемді көтеріп жібереді. Қатарлас құрбыларым шайға шақырып, сыйлықтарын сыйлап кеуделеріне қысып құшақтап жатады. Кішілер де суретке түсіп, сыйлап, құрмет көрсетіп жатады.
Инстаоқырмандарым, сіздер тіпті ерекшесіздер. Маған беріп отырған баталарыңыз қабыл болсын. Жақсы тілектеріңіз мені керемет қанаттандырып жүр. Абырой Алладан әрине. Мені осылай жаратты, осы бар болмысыммен қабылдағандарыңыз үшін, кең жүректеріңіз үшін рақмет айта бергім келеді.
Ана ретінде, адам ретінде еліме пайдам тисе, құнды қызмет жасасам деген ниетімді, Жаратушым қабыл ете гөр!».