Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мама мен Жамбыл": Есін білмейтін ата өз туыстарын іздеп жүр

12:40, 05 шілде 2024 442

Аты-жөнін де білмейтін ер адам өз туыстарын іздейді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

3 жыл бұрын аты-жөнін білмейтін, тек "мама және Жамбыл" сөзін білетін ер адам Тараз қалалық адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығына келген. 

Орталықтың психологы jambylinfo.kz сайтына хабарласып, аты-жөнін ұмытқан адамның тағдырын жариялап беруге өтініш айтқан. 

"Өткені белгісіз, аты-жөнін де айта алмайтын кісіні "туған-туыстары іздеп жүрген шығар" деген ниетпен қанша дәрігерге көрсеттік, емдеттік. Алайда туа біткен, әлде аяқ астынан душар болған дерт екенін ешкім дөп басып таба алмады. Бұл орталықта жүргеніне 3 жыл болды. Сол жылдардың ішінде біреуді сағынғанын, іздегенін көрмедік. Өйткені бәрін ұмытып қалған сияқты", - дейді орталықтың еңбекке баулу нұсқаушысы Назира Бадышова.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар