Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Малмен мал болма: Журналист бай-бағландарға сөгіс айтты

15:20, 10 қыркүйек 2024 298

Журналист Азамат Әбілқайыр көшпенділер ойынына келген көрермендерге маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ол бұл туралы ойын өзінің TikTok парақшасында жариялады.

Бай-бағландарға өкпесін айтып, әдептілік танытуға шақырды.

"Мал қорадан қазақтар мен қырғыздар және америкалықтар жылқыларын шығарып жатыр. Сол сәтте жанынан аппақ Maybach мінген "крутой" келеді де, сигнал береді малға. Анау жылқы үркіп жатыр. Үстіндегі адамы құлап майып болса, жылқы жарақат алса не болады? Айналайын, малдың жанына келіп сигнал берме! Ауылдың адамы болсаң сен түсінер едің. Бірақ, сен түсінбейсің ғой. Маған жол беріңдер деген көкірегіңді мына жылқының қасында көрсетпе. Ол – мал, сені түсінбейді, адам болып сен оны түсінуің керек. Малмен мал болма", - деп мәлімдеді журналист.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?