Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мал боп кетті дейді": Олимпиада жүлдегері Жазира Жаппарқұл Шымкент базарында саудамен айналысып жүр (видео)

13:24, 02 шілде 2025 691

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, белгілі зілтемірші Жазира Жаппарқұл бүгінде кәсіпкерлікпен айналысып жүргенін айтып, көпшілікті ойландыратын сұхбат берді. Спортшы Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында Шымкент қаласындағы базарлардың бірінде сауда жасайтынын ашық жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz.

"Базарда сауда жасаймын. Ол жерде өзімнің адамдарым тұрады. Арасында өзім де барамын. Ашып алып, кетіп қалу деген жоқ қой. Басы-қасында жүріп, қарап жүруің керексің. Барлық тауарды өзім тапсырыс беремін.

Сатып алушылар келгенде мені танып, "Сен базарға шығып кеттің бе?" деп таңданыспен сұрайды. Онда тұрған не бар?! Мен біреудің тамағын немесе жұмысын тартып алыппын ба?", – деді Жазира Жаппарқұл.

Сондай-ақ ол қоғамдағы теріс көзқарастарға да тоқталып өтті.

"Ішіп кетсем "мал болып кетті" деп айтады. Осындай жұмыс істеп жатсаң "мынадай" деп айтасыңдар. Оларға түзу сөйлеп үйреніңіздерші деймін.  Кейбір адамдар "дұрыс, жарайсың, сауда да береке бар" дейді. Менталитетіміз дұрыс емес сияқты. Ішіп-шегіп жүргенше, спортпен немесе бизнеспен айналысқан дұрыс", – дейді спортшы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар