Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов референдум атауын жалпыұлттық референдум деп өзгертуді ұсынды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Комиссия аясында тарихи қателікті түзетуге мүмкіндік бар. Қазіргі Конституция мәтініне сәйкес, референдум республикалық референдум деп аталады. Дегенмен өздеріңіз білетіндей референдум ең маңызды мәселелер бойынша өткізілуі керек. Сондықтан референдум атауының нысанын «халықтың бірлігі референдум өткізудің негізгі талабы» деп өзгерту керек. Осыған байланысты атауын республикалық референдум орнына халықтық ұлттық референдум, жалпыұлттық референдум деп өзгерту ұсынылады», - деді Мұрат Әбенов.