Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Маймылға теңегені үшін сотталып, 108125 теңге айыппұл арқалаған". Уағызшы Нұржан Смағұловқа қатысты сұмдық дерек тарады

16:29, 16 сәуір 2026

Белгілі журналист Ораз Әлімбеков қазіргі қоғамда қызу талқыланып жатқан діни мәселелерге қатысты өз пікірін білдіріп, кейбір уағызшылардың заңсыз әрекеттерін сынға алды деп жазады Alash.kz. 

Журналист атеистердің ар-ожданына нұқсан келтірді деп айыпталған ислам ұстазы, PhD докторы Нұржан Смағұловқа қатысты сот шешімімен танысқанын айтады.

Ол атеистерді сиырға теңегені үшін емес, атеистреді маймылға теңегені үшін ғана сотталып, 108125 теңге айыппұл арқалапты. Сотқа берген Алматы қаласы дін істері басқармасы Н.Смағұловтың атеистерді сиырға теңегенін жасырып қалған. Сәйкесінше, Н.Смағұлов атеистерді сиырға теңегені үшін жазаға тартылмай сытылып кетті. Мұнда қандай гәп бар? - деп жазды журналист.

 Сонымен қатар, сотқа талап қойған Алматы қаласы Дін істері басқармасы оның атеистерді сиырға теңегенін назардан тыс қалдырған. Осыған байланысты журналист бұл жерде күмәнді жайттардың бар екенін алға тартады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Н.Смағұлов өзін ұстаз ретінде таныстыратын Жанболат Сапашевтің Mihrab kz YouTube арнасында атеистерді сиырға теңеген болатын. Кейін ол Daguat KZ арнасында кешірім сұрағандай болғанымен, атеистерді маймылдан шыққан деп сипаттаған.

Автордың пікірінше, мұндай көзқарас атеистік ұстанымдағы азаматтарды қоғамның тең құқықты мүшесі ретінде мойындамауға алып келеді. Сондай-ақ ол мемлекеттік органның бұл іске қатысты тек әкімшілік баппен шектелуін сынға алады. Журналисттің пайымдауынша, мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру) бойынша қарастырылуы тиіс еді.

Сонымен қатар, экстремистік сипаттағы контент жарияланды деп бағалануы мүмкін бейнематериалдар орналастырылған Mihrab kz және Daguat KZ YouTube арналарына қатысты ешқандай шара қолданылмағаны да сынға алынады.

Мақалада сондай-ақ журналист Жанар Байсемізге әкімшілік жаза қолданылғаны айтылып, ал Н.Смағұловпен бірге аталған арнаның иесі Жанболат Сапашевтің жауапкершілікке тартылмауы әділеттілікке күмән тудыратыны атап өтіледі.

Ораз Әлімбеков осы жағдайларға байланысты қоғамдағы құқықтық теңдік пен әділдік мәселесін көтереді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар