Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Мәйіттері күдіктілер жалдап тұрған үйдің маңынан табылды”: Атыраудағы трагедия жайлы тың дерек шықты

21:00, 09 наурыз 2026

Атырау облысы Жангелдин ауылында болған қанды оқиға жайлы тың дерек шықты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Журналист Жанат Молдашова желідегі парақшасында жаңа деректерді жариялады.

“Жоғалған Наурыз бен Мейрамгүлдің мәйіттері күдіктілер жалдап тұрған үйдің маңынан табылды деген бейресми ақпарат тарап жатыр. 

Мұны естігеннен кейін осы жерге барып көрдік. Бұл Атырау қаласы. Мұнайшы ақшамауданы. Үйдің айналасындағы бұрынғы қазылған жерлер көмілген. Көлік іздерін байқамадық. Дәл үйдің іргесінен табылмаған сияқты. 

Естеріңізге салсам, бұл үйге 8 қаңтар күні келдік. Арнайы жедел топ айналасын түгелдей қазып, іздеп жатты. Тіпті, мәйіт іздейтін георадармен жүргенін көрдік. Парақшамда болуы керек. 

Мәйіттердің осы жерден табылғандығы туралы ақпараттар әзірге бейресми. 

Анық-қанығын ертең Полиция Департаментінен білеміз. Бүгін тергеп-тексеру жұмыстарына сай ештеңені ашып айтпай отыр”,- деп жазды журналист.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар