Журналист Оңғар Қабден Майқайыңдағы жантүршігерлік оқиғаға байланысты жаңа мәліметтерді жария етті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Майқайыңдағы оқиға бойынша жаңа деректер пайда болды. Бұл іске үшінші тұлға қосылды. Кемпір мен шалдың үлкен қызы. Мәйіттерді кемпір мен үлкен қызы Света май мен бал қосып сылап, мумиялаған екен. Полицияға 6 жастағы немересі "Мен мамамды мумиялауға көмектестім" деген! Шал болса қатерлі ісіктен қайтыс болған қызының күйігінен көз жұмыпты. Үйді кемпірі билейді екен.
Қазір кемпір де, үлкен қызы Света да қамауға алынып, қолдарына кісен салынды. 6 жастағы балақай Екібастұздағы балалар үйіне өткізілді. Кішкентай қызға психологтар көмектесе ала ма?
Облыстың әлеуметтік салаға, идеологияға жауапты әкім орынбасары Маликова ханымнан ресми жауап күтеміз! Өйткені былтыр облыс әкім Асайын Байханов Екібастұздағы Милана оқиғасы бойынша үлкен жиналыс жасап, қадап тұрып тапсырған! Арада жыл өтпей мына оқиға! Павлодар облыстық ПД неге үнсізсіздер? Ел ішінде алып-қашпа әңгіме көбейді. Ертең тағы шығасыңдар ресми ақпаратқа ғана сеніңдер деп. Сенгің келеді-ақ!”,- деп жазды журналист.