Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Магистратура-2026: Грант нәтижелері қашан белгілі болады?

18:00, 21 тамыз 2026

2026–2027 оқу жылына арналған магистратураға мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының нәтижелері 25 тамызға дейін жарияланады, деп хабарлайды Alash.kz.

21 тамызда магистратураға мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.

Биыл бұл конкурсқа қатысу үшін шамамен 23 мың өтініш түскен, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңдай артық. Талапкерлер арасында ең танымал бағыттар қатарында педагогикалық ғылымдар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, сондай-ақ инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бар.

Комиссия отырысында барлық өтініштер қаралып, қолданыстағы ережелерге сәйкес конкурстық іріктеу негізінде білім беру гранттары бөлінді. Конкурс нәтижелері Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығының ресми әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады.

Грант иегерлерін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау 2026 жылғы 28 тамызды қоса алғанға дейін жүргізіледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар