Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Маған жоғарыдан қоңырау шалды..." - Ермұхамед Мәулен қазақ спорты туралы мәлімдемелері үшін қудаланғанын айтты

13:25, 27 маусым 2025 180

Танымал спорт журналисі, комментатор Ермұхамед Мәулен YouTube-тегі Fonteam подкастында өзінің әлеуметтік желілерде футболдан Қазақстан Премьер Лигасы туралы ашық айтқан пікірлері үшін қоңыраулар түсіп, аяқтан шалғандар барын жасырмады, деп жазады Alash.kz. 

Ұлттық құрамадағы тұрақсыздық пен инфрақұрылымдағы жемқорлық, келісілген матчтар туралы көсіле сөйлейтін тілші Отандық футбол клубтарындағы мәселелерді ел алдына шығарғаны үшін белгілі тарапқа жақпай қалғанын мәлімдеді:

Ұлттық құрама жайлы подкастан кейін қоңыраулар түсті. Мәселе жоғары мінберлерге, кеңселерге дейін барды. "Қой" деді. Әзірге 1-2 апта қоя тұрайын. Одан кейін мені қолдап қоңырау шалғандар да болды. Оларға да ерекше алғыс айтқым келеді. Тура қазір Қазақстанда өмір сүруге ешқандай мағына қалған жоқ. 

Айта кетейік, жақында Ермұхамед Мәулен Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз қызметінен кетті. Бұған дейін журналист ел тарихындағы маңызды ойындарда тілшілер мен футболшыларды Ұлттық құраманың баспасөз конференцияларын тізгіндеп келді. Қызметтен кеткені жайлы өз Instagram парақшасында бөлісті :

"Спорт журналистикасының жазылмаған заңы бар. Футболдан ұлттық құраманың баспасөз хатшысы болу ең биік қызмет болып саналады. Бұл жұмысқа қолы жеткен бар, жетпеген бар. Әлі де армандап жүргендер баршылық. Басқа елдерде де солай. Мен, Құдайға шүкір 4 жыл жұмыс істеп арманымның біріне қол жеткіздім. Талғат Маруаұлы Байсуфиновпен де, Магомед Әдиевпен де, Станислав Черчесовпен де, ең соңы Әли Әлиевпен де қызметтес болдым. Ұлттық құрама ойындарының біреуінде жібермей, баспасөз қызметші ретінде міндетімді атқардым. Жүрген жерімнің бәрінде қазақ тілін насихаттадым. Қазақ футболы қазақша сөйлесін деген ұранды алға тарттым. Маған жанкүйер қауымның өкпесі жоқ шығар.

Бірақ, әр нәрсенің аяқталар тұсы болады. Өз еркіммен саналы түрде шешім қабылдап, Қазақстан ұлттық құрамасы баспасөз хатшысы қызметінен кетемін. Менің бұл жұмысты ары қарай жалғастыруға зауқым соқпайды. Өзімді іштей жегідей жеп, жүйкемді тоздырғаным жетер. Алқымыма келіп сөз тығылған тұстар, оны айта алмай іште жасырған кездерім өте көп. Енді бұдан былай ойымды бұқпай, біреуден қаймықпай, айтар ойымды анық жеткізгім келеді. “Айтпасы сөздің атасы өлер” демекші, көрермен алдында адалдығымды сақтайын. Қазақстан құрамасына осы өмірім аяқталғанша жанкүйер болатыныма ешкімнің шүбәсі жоқ. Менсіз де футбол тоқтап қалмас. Ары қарай өздерің…

Желі қолданушылары танымал комментаторды қолдайтынын айтып,  "Қазақстанда жалпы корупция жойылмаса спорттың ешқандай түрінен жетістікке жете алмайды" сияқты пікірлерімен елдегі спорт жүйесін сынай жазды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар