Гватемаланың Сан-Агустин-Акасагуастлан қаласынан ел астанасы Гватемала қаласына бағыт алған жолаушыларға лық толы автобус қарбалас тас жолмен келе жатып, көпірден құлап кетті. Көпір жол мен жылғаның үстінен өтетін. Апат салдарынан кемінде 51 адам қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші автобусты басқара алмай қалып, көпірден құламай тұрып басқа көліктермен соқтығысқан.Төтенше жағдайлар қызметі әлеуметтік желілерде жариялаған суреттерде автобустың жартылай суға батып қалғаны және жан-жақта құрбандардың денелері жатқанын көруге болады.
Гватемала мэрі Рикардо Киньонес оқиға орнына шұғыл қызметкерлерді жіберілгенін хабарлады. Сонымен қатар, жол полициясы апат болған аймақта балама бағыттар әзірлеп жатыр.
Өрт сөндірушілердің айтуынша, автобустың қираған бөліктерінің астында қалған адамдарды құтқару жұмыстары жүргізілуде.Жергілікті БАҚ мәліметтері бойынша, қайтыс болғандардың 36-сы ер адам, 15-і әйел. Қанша жолаушының аман қалғаны әзірге белгісіз.Гватемала президенті Бернардо Аревало үш күндік ұлттық аза тұту күнін жариялап, қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты.
— Мен осы ауыр хабарды естіген отбасылармен бірге қайғырып отырмын. Олардың қайғысы — менің қайғым, — деді ол.