Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Лукашенко ылаңы. Беларусьтегі 500-ге жуық ЖОО қызметкерлері сайлаудағы бассыздықты айтқаны үшін қызметтен қуылған

17:13, 05 маусым 2024 474

БМУ-дің 500-ге жуық қызметкері саяси себептермен жұмыстан кетуге мәжбүр болған, дейді университет ректоры Андрей Король "Киберпартизандар"қауымдастығы жариялаған аудиожазбада. Бұл жайлы Alash.KZ ұлттық порталы хабарлады.

Беларусь мемлекеттік университетінің (БМУ) 500-ге жуық қызметкері 2020-2023 жылдар аралығында Беларусь президентінің сайлауындағы бассыздықтарды, бұрмалауға деректерін ашық айтып, қарсы шығып, жаппай наразылықтарды қолдағаны үшін жұмыстан кетуге мәжбүр болған. Бұл туралы университет ректоры Андрей Король дүйсенбі, 3 маусымда, "Киберпартизандар" хакерлер қауымдастығы жариялаған аудиожазбада мәлімдеген.

БМУ қызметкерлерімен еңбек қатынастарын тоқтату "Мемлекеттік мүдделер мен қауіпсіздік саласында жүргізіліп жатқан кадр саясатымен" байланысты, дейді ЖОО ректоры аудиожазбада.

Оның сөздері жазылған жазба 2023 жылдың жазында БМУ ішкі желісін бұзған "кибер партизандар" қол жеткізген файлдар арасында әшкереленді.

БМУ ректорының бес жүзге жуық қызметкерді жұмыстан босату туралы айтқанын  тапқан хакерлер дерегінің шындыққа жанасатыны да расталды. Дерек 2018 жылдан 2022 жылға дейін өзгерген ЖОО қызметкерлерінің саны туралы деректермен сәйкес келеді. Атап айтқанда, Беларусь мемлекетінде 2020 жылдан 2022 жылға дейін 450-ден астам адам қызметтен шеттетілгені нақтыланып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар