Атом энергиясы жөніндегі агенттікте кадрлық өзгеріс болды, деп хабарлайды Alash.kz.
Мемлекет басшысының тиісті шешімімен ведомство басшылығындағы шенеунік қызметінен босатылды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.
Лауазымынан босатылған Ғұмар Серғазиннің орнына кімнің тағайындалғаны туралы ақпарат әлі жарияланған жоқ.