Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Лауазымнан босатылып, жаңасы тағайындалды: Тоқаев бірнеше орынды жаңартты

09:17, 17 ақпан 2025 432

Президент әкімшілігінде жаңа тағайындаулар болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Төлеұлы Төлеев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Ербол Дәненұлы Адаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімімен Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Тілекұлы Ерғарин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар