Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Лауазымын асыра сілтеп пайдаланған: Тұрғымбаев туралы мәлімдеме шықты

09:40, 30 сәуір 2024 516

Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталуына қатысты ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеме жасады.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда.

А. ж. 29 сәуірінде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін(ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істерэкс-министрі Е.З.Тұрғымбаев ұсталды.

Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды.

Мемлекеттік құпияларды құрайтын сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу ҚР ҚІЖК-нің 47 және 201-баптарының талаптарымен регл аменттелген.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар