Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Лас-Вегаста топ жарды». Қуанышты хабар: Мерей Базарбаев әлем чемпионы атанды

09:18, 19 қазан 2026

Қазақстандық балуан Мерей Базарбаев АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар (U23) арасындағы әлем чемпионатында топ жарып, алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды Alash.kz.

Отандасымыз еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап, жарыс бойы қарсылас шақ келтірмеді. Шешуші финалдық белдесуде ол түркиялық балуан Бекир Кесерді айқын басымдықпен жеңіп, 23 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы титулын иеленді.

Мерей Базарбаев чемпиондық жолында бірнеше қарсыласын тізе бүктірді. Ширек финалға өтер тұста ол АҚШ өкілі Люк Лилледальды 3:1 есебімен ұтса, кейін франциялық Расул Галбураевтан 13:2 есебімен басым түсті. Ал жартылай финалда жапониялық балуан Дайто Кацумэді 7:0 есебімен ұтып, финалға жолдама алған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар