Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Күзде су болады": Жазушы Қалихан Ысқақтың ауылы Даниял Ахметовтың уәдесіне тойған

13:34, 17 тамыз 2024 214
Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниял Ахметов аймақ басшысы кезінде Катонқарағай ауданындағы Топқарағай ауылының ауыз су проблемасын шешіп беремін деген уәдесін орындамаған, деп хабарлайды Alash.KZ.
Бұл туралы Ulysmedia.kz сайтының "Ауылға жол” жобасы аясындағы сапар кезінде белгілі болған. Жағдайды ауыл тұрғыны Таукенова Гүлнар есімді тұрғын егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.

“Келген адамдар өтірік айтып кетеді. Міне бір жұмадан кейін басталады, деген. Қайдағы? Ол көктемде болған оқиға”, дейді ауыл тұрғыны.

Айтуынша бұл ауылда жазушы, драматург Қалихан Ысқақ туып-өскен. Тұрғындар ауылды өздерінше киелі санайды екен, бірақ мұнда интернет мүлдем жоқ. Ал ауыз суды  қысы-жазы өзеннен тасып ішеді екен.

Кезекті жұмыс сапарының бірінде Даниял Ахметов бұл ауылға да келген. Бірақ көп аялдамаған сияқты.

“Маған ол кісі қараған да жоқ. Артынан еріп жүріп, әзер дегенде тоқтатып, мәселемді айттым. Сол кезде қасында еріп жүрген аудан басшыларына “Күзде су болады. Солай емес пе? Болсын. Өзім жауап бергіземін” деп кетті де қалды” деген Г.Таукенова жаңа Қазақстанға емес қай заманғы Қазақстанға тап болғанын қынжыла жеткізді.

Себебі мұнда жолдың да проблемасы өзекті өртеп тұр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар