Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Курортқа әкелді: Қарттар үйіндегі ата “шешесі жаман” деп ішіндегі жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

15:42, 17 қазан 2024 7415

Танымал журналист Гүлмира Әбіқай жұмыс барысымен Қонаев қаласындағы қарттар үйіне барғаны туралы жазды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Бұл туралы ол өзінің инстаграм әлеуметтік желісінде жариялады. Өз жазбасында қарттар үйіндегі үлкен кісілер өздерін демалыс орталығына келдім деп ойлайды екен. 

- Мен курортқа келдім балам, емделуге. Мен аналар сияқты емеспін, мені жолдамамен жіберді. Ол аналар ғой…. деді шетте телефон шұқылап, көңілді отырған атам.

- Мен өткен бейсенбіде келдім, екі-ақ апта менікі, енді 8 күннен соң кетем мен қарағым! деп қосты”,-деп жазды журналист.

Журналистің жазуынша, Қазақстанда 20 мыңнан астам зейнеткер қарттар үйінде тұрады екен.

“Бұл  қарттар үйі. Мұндағы қариялардың бәрі уақытша келдім, емделуге келдім деп ойлайды. Алайда, мәңгілікке қалатынын білмейді. Арасында қарттар үйін 20-30 жыл мекендеп жатқандар бар.

Бәрінің ұл-қызы бар. Олар қажет емес ата-анасына зейнетақы алған күндері міндетті түрде бір соғып кетеді”,- деп қосты ол.

Қарттар үйін паналаған Әріпжан есімді зейнеткер атамыз Гүлмира Әбіқайға берген сұхбатында балаларының бар екенін, неге бұндай халге душар болғанын баяндап берді.

Немерелерімді көргім келеді. Жүрек сағынады. Өздері келмейді. Не істей аламын? Шешелері жаман. Балаларым бір рет болсын “Папа не істеп жатсың?” деп те хабарласпады. 

Мен көргенді ешкім көрмесін. Балаларымды сүйредім, оқыттым. Өздерінің бастарының жеткен жерлері осы шығар…”,- деді ата.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?