Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Купедегі 65 жастағы ер адамның жас бойжеткенге жасаған өрескел әрекеті елді шошытты

Купедегі 65 жастағы ер адамның жас бойжеткенге жасаған өрескел әрекеті елді шошытты

29 тамызда Қызылордадан Алматыға бағыт алған пойызда жас қыз өзімен бір купеде келе жатқан 65 жастағы ер адамның орынсыз әрекетіне тап болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Qazaqtoday.info ақпарат порталына сілтеме жасап.

Қыздың айтуынша, жолаушы оған қайта-қайта қарап, тым жақын келіп, аяғын тигізген. Түнде ұйықтап жатқан кезде ер адамның тізесінен ұстап жатқанын сезген соң, оны видеоға түсіріп, жолсерікке хабарлаған. Жолсерік полиция шақыруды ұсынғанымен, қыз сол сәтте ресми арыз жазбаған.

Кейін ол болған жағдайды әлеуметтік желіде жариялап, мұны басқа жолаушылар сақ болсын деген мақсатпен бөліскенін түсіндірді. Әзірге оқиғаға қатысты ресми органдардың қорытындысы жарияланған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар