Будапеште дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған Әбиба Әбужақынова өзіне қолдау көрсеткен Қазақ еліне алғысын білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Күміс қолда, алтын жолда. Будапешттегі әлем чемпионатын күміс медальмен аяқтадым. Араға 10 жыл салып, әлем чемпионатының алтынын елге алып кету мақсатым болған. Өкінішке қарай, өздеріңіз көргендей, бұл жолы күміспен тоқтадым.
Бұл әлем чемпионаты бұрыңғы жарыстардан өзгерек. Десе де, жаңа Олимпиада циклін сәтті бастадым деп ойлаймын. Қола күміске айналды, күміс алтынға айналады.
Маған қолдау көрсеткен әрбір жанкүйерге алғыс білдіргім келеді. Бұл - жеңіс жолында себепкер болған әрбір жанның ортақ қуанышы.
Будапешттегі әлем чемпионатын Қазақстан құрамасы тарихты жаңартып бастады. Командаластарыма сәттілік тілеймін! #KazJudoTeam жанкүйер болайық,- деп жазды дзюдодан әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақ қызы Әбиба Әбужақынова.