Атырау облысы Жангелдин ауылындағы қатысты марқұмдардың туысы Шалқар Мұқанғалиев хат-хабарсыз кеткен інісі Наурыз Мұқанғалиевпен байланысқан сәттегі шикіліктер туралы айтты, деп жазады Alash.kz.
Белгілі журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында Шалқар Мұқанғалиев інісімен аудио хабарлама арқылы 10 сәуірде сөйлескенін, одан соң тек хат жазысқанын жария етті. Із-түссіз жоғалған Наурыздың What’s upp Messenger желісіне соңғы мәрте сарайдан мәйітттер табылатын күні, яғни 2026 жылдың 6 қаңтарында кіргені белгілі болды.
Әдемі апа Наурызбен хабарлама арқылы сөйлесіп отыр екен. Ол «Апам ауырып қалды. Ташкентке емдетуге алып кеттім. Желтоқсанның 10-ы қайтып келеміз» деп айтқан. Жеңгеміздің қан қысымы бар. Зейнетке шыққан, үлкен кісілер қан қысымы мазалап ем алады. «Ташкентте ағайын-таныстары бар екен. Солардың үйінде жатыр. Көмектесіп жатыр екен» деп әкесінің туған қарындасы Әдемі апайға айтқан екен. Ешқандай аудиожазба жібермеген. Ешқандай видеоқоңырау шалмаған. Қоңырау соқса, көтермейді. Тек хат алмасып отырған. Кейін Әдемі ападан хаттардың скриншотын алдым. Мен білетін Наурыздың жазғанына келмейді. Бұрынғы хабарламаларында сөйлескендеріне қарадым. Ол сияқты жазып отырған жоқ. Мектеп кезінде диктант жазамыз ғой. Тақтадағыны көшіргендей етіп, үтір-нүктесін қатесіз жазған. Тым сауатты жазған. Сол күмән тудырды.