Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Күлкілі болжамдарды айтпай, Путин кінәні мойындасын - БЕЛСЕНДІ

18:00, 08 қаңтар 2025 823

Ресей президенті Владимир Путиннен қазақстандықтардың әуе апатында қаза тапқаны үшін кешірім сұрап, өтемақы төлеуді талап етті, деп хабарлайды Alash.kz ҚазТАГ сайтына сілтеп. 

«Құрметті В. Путин мырза! Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің мәлімдемесін қолдай отырып, біз Ресей тарапын барлық зардап шеккендерге, соның ішінде Қазақстан азаматтарына өтемақы төлеуге міндетті деп санаймыз», – деп қазақстандық қоғамның атынан азаматтық белсенді Мұрат Телібеков Путинге үндеу жасады.

Үндеуде Ресей бұл қадамды тергеу нәтижелерін күтпестен жасауы керек екені, сондай-ақ Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан тұрғындарынан және өз азаматтарынан кешірім сұрауы қажет екені айтылған.

«Қалыптасқан қорқыныштарға қарамастан, бұл елдің беделіне зиян келтірмейді. Керісінше, кінәні ерлікпен мойындау оны өтеудің көрінісі болар еді. Ал ұшақ қозғалтқышына құстың түсуі немесе жолаушылар салонындағы оттегі баллонының жарылуы сияқты күлкілі болжамдарды тарату ресейлік билікті беделсіз етеді», – делінген Путинге жолданған үндеуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар