6-қабаттан құлап кеткен келіншек Ажар туралы тың дерек шықты. Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай өз инстаграм парақшасында жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
Сұхбат барысында марқұм Ажардың анасы қызының суицид жасамағанына сенімді. Оны анасының айтуынша, күйеуі итеріп жіберген. Құлаған кезде үстінде тек іш киімі ғана болған деседі.
Бұған дейін шыққан ақпаратта Ажардың туыстары пәтерде күйеуінен бөлек үш адамның болғанын айтқан еді. Бөлмеден сынған тістер табылған болатын.
Қазаға куә болған көршілер де бар көрген-білгенін айтып берді.
Алматы облысында 21 жасар келіншек 6-қабаттан құлап, мерт болды. Қайғылы жағдай 9 наурызда “Асыл арман” тұрғын үй кешенінде болған. Полиция бұл істі суицид деп тергеуде. Алайда марқұмның ата-анасы қызының өзіне қол салғанына сенбейді. 21 жастағы Ажар екі жыл бұрын сыныптасына тұрмысқа шыққан. Марқұм анасына күйеуінің үнемі ұрып-соғып, тұншықтырғанын айтқан. 9 наурыз асыл арман тұрғын үйінде нендей жағдай тіркелді? Күйеубала Нәдірбектің не жасырғаны бар? Оқиға күні 46 пәтерде кімдер болған? Тәуелсіз бағдарлама өз журналистік зерттеуін бастайды”,- деді Руслан Өтепбай.