Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Күйеуі ұрып өлтіріп лақтырып жіберді”. 6-қабаттан құлап кеткен Ажар жайлы құрбылары тың дерек айтты

14:32, 30 наурыз 2025 5211

Алматыда 6-қабаттан құлап қаза тапқан келіншектің өліміне қатысты құрбылары “Астарлы ақиқат” бағдарламасына пікір білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.  

“Ұратын. Иіскейтін. Неше түрлі қыздармен жүретін. Ол өте ашушаң жігіт. Әр қадамың тексеретін. Қайда жүрсің, кіммен жүрсің деп телефоның ақтарып, инстаграмда стористы кім көрді, анау не істеді, мынау не істеді деп әр қозғалысың аңдып отыратын.

Бірде оның үйіне барғанымда, менің көзімше ұрып жіберген жағдай болды. Ажар қанша қиындық көрсе де, мойымай, күліп жүретін жан еді. Ұрған кездерінде бізге сурет жіберетін: “Қарашы, осылай ұрды, бетім ісіп кетті, сыртқа қалай шығамын?” – деп айтатын. Сабақтан жиі қалатын.

Үйленгеннен кейін олар Қаскелеңде тұрды. Сол кезде Ажар жылап хабарласып: “Мені алып кетіңдерші, заттарымды жинап қойдым, тұрғым келмейді”, – деді. Бірақ біраз уақыттан кейін: “Қайтадан қосылдым”, – деді. “Қойшы, тасташы оны!” – дегенімізде: “Жоқ, ол адам болып кетеді. Мамасы оған көп көңіл бөлмеген. Сендер білмейсіңдер. Оған қамқорлық жетіспеген. Әкесі жоқ. Оны түсінбейсіңдер”, – деп өзін жұбататын. Оны ұрып өлтіріп, лақтырып жіберді деп ойлаймын. Өйткені Нәдірбек таэквондомен айналысқан еді”,- деді құрбылары.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар