Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасы әлі де іздестіріліп жатыр, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Елді алаңдатқан оқиға жайлы арнайы зерттеу жүргізген Руслан Өтепбай Атырауға барып, күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиевтің анасынан сұхбат алды.
"Қызым күйеу баламен Сирияға барған. 2019 жылы келді. Қызым күйеу баланың зорлығымен барып келді. Күйеу бала сол жақта қайтыс болды. Қызым аман-есен келді. Сол кезде кеткенін естідім, ұрыстым. Қазіргі таңда қызым 4 баласымен Атырауда тұрады. Басында күйеуі Түркияға апарамын деп алдап алып кеткен", – деді анасы.