Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Күдіктіден 8 телефон тәркілеген. Отбасы мүшелерінің атынан сөйлескен»: Атыраудағы трагедияға қатысты сұмдық дерек шықты (ВИДЕО)

20:19, 10 наурыз 2026

Атыраудағы қанды оқиға туралы белгілі журналист Дастан Мүрсәлім өз пікірін білдірді, деп жазады Alash.kz.

Журналист күдікті күйеу бала Сұлтанның әрекеті туралы баяндап беріп, қаралы үйдің кенже қызы Ақбаянның бұл қылмыстағы рөлі туралы айтты:

Қадірлі көрермен, менің туған жерім Атырау Қызылқоға ауданы, Жангелдин селосында болған қайғылы жағдайды білесіздер. Тұтас бір отбасы жоғалып, екі адамның мәйіті табылған еді. Міне, енді бүгін Сұлтан Сәрсемәлиев барлық қылмысты мойындап, екі адамның қайда жатқанын айтты. Өздері әйелімен жалдап тұрған Геолог ықшам ауданындағы үйдің ауласынан табылды. Бір қызығы, екі ай бұрын полиция қызметкерлерінің барлығы үйдің айналасын қазып, іздеген еді. Бірақ, таппады. Сұлтан Сәрсемалиев маньяк па, киноға тойып алған ба? Мұның барлығын жасыруды, жұмыс істеуді, телефондардың барлығын алып қойып, жауап беріп отыру, 4 адамның қанын мойнына алып отырып, Индонезияда қалай тыныш ұйықтап жүргенін білмедім… Индонезия полициясы одан 8 телефонды тәркіледі. Отбасы мүшелерінің телефондары арқылы сол жақта отырып, жауап беріп отырған. Қазір тергеу басталады. Ендігі мәселе бұл жерде – Ақбаянның қатысы қанша?



Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар