«Куәгер әдейі жалған мәлімет беріп отыр»: прокурор Шерзат ісі бойынша басты куәгердің айғақтарын соттан сын көзбен қарауды сұрады, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот отырысында прокурор Дана Сәрсенбай куәгер Эльмира Нурбекова өз айғақтарын өзгерткенін мәлімдеді.
Бұған дейін ол негізгі айыпталушы Абзал Шынасылдың Шерзатқа пышақ сұққанын көргенін айтқан болатын.
«Нурбекованың көрсеткен айғақтары бір-біріне қайшы келеді. Оның сөздеріне соттың сын көзбен қарауын сұраймын. Куәгер әдейі жалған мәлімет беріп отыр деп есептеймін», — деді прокурор.
Сот өтінішті қараусыз қалдырмай, шешімді кеңесу бөлмесінде қабылдайтынын хабарлады.