Ресей билігі Трамптың "Путин мені ұятқа қалдырды" деген сөзіне түсініктеме берді.
Путин жағдайды саяси және дипломатиялық жолмен шешуге дайын. Алайда, Киев режимі мен Еуропа елдері қарсыласу үшін қолдан келгеннің бәрін істейді. Американ көшбасшыcs Дональд Трамп украин дағдарысын шешуге күш салып жатыр. Оның бұл жағдайға деген көзқарасының эмоционалды болуы - түсінікті жағдай, - деп атап өтті Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Песковтың айтуынша, Трамп Украинадағы қақтығыстың аяқталуына ықпал етуге күш салып жатыр.
Кремль өкілі Путин жағдайды саяси және дипломатиялық жолмен шешуге дайын екенін және бұл үшін көп нәрсе жасайтынын атап өтті.