Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Көзіме шөп салып, ойына келгенін істейтін": Сейфуллин Жолбарыстың экс-әйелі күйеуінің "қылықтары" жайлы сыр ашты

20:19, 01 желтоқсан 2024 7967

Әнші Сейфуллин Жолбарыспен ажырасып кеткен Екатерина Вайт тележүргізуші Анна Данченкоға алғаш рет сұхбат беріп, 16 жыл бірге тұрған экс-күйеуі жайлы алғаш рет сыр ашты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

"Біздің өмірімізде көзге шөп салу эпизодтары бір емес бірнеше рет болды деп айтқанымда, қасымда отырған Сейфуллин қақалып қалған еді. Менің өте ащы сөйлейтінім бар. Тік мінездімін. Содан да өмірде көп таяқ жеймін. Ешкімге жағымпазданбаймын. Қалай бар солай айтамын. Ұнасын, ұнамасын кешіріңіздер деймін. Бірақ, сол кездері отбасымды қандай жағдай болса да, сақтаймын деген мақсатым болды. Екіншіден, ол кісіге ренжу мүмкін емес. Кішкентай бала сияқты. Ойына келгенін істей салады. Артынша өзін соған жауапты екенін сезінбейді. "Болып қалды солай, қайтемін енді" дейді. Ол нәрсені бетіне басқан емеспін. Мен барып олардың үстілерінен түскен жоқпын ғой. Ол менің әшейін күдіктерім болды. Бір жағдайлар мозайка сияқты келісіп қалады. Мен де ақымақ емеспін ғой. Ол кісіге барлығын кешіргім келетін. Өйткені, мен оны өліп-тіріліп сүйдім. Қатты жақсы көрдім. Сондықтан "Мен оған не істей аламын" деп ойладым. Менің айтқанымды екі етпей істейді, не айтамын бәрін орындайды. Төбесіне көтереді. Сол бір ғана кемшілігін кешірмесем, болмайды деп ойладым. Көзімді жұмып отырып, Сейфуллиннің анау жақта не істеп отырғанын бәрін біліп отырамын. Өйткені мен оны өте жақсы танып алдым. Кешірсем де, ұмытпайтынмын. Есте сақтау қабілетім жақсы деп айтатынмын", - деді экс әйелі. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар