Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Көзі тірісінде-ақ есімін ел тарихына алтын әріптермен жазды»: Ерлан Қарин Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айтты

13:24, 20 сәуір 2026

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин белгілі ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың қаза болуына байланысты көңіл айтты, деп жазады Alash.kz.

“Белгілі ақын, Еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов қайтыс болды деген қаралы хабар жетті. Бұл – қазақ руханияты үшін орны толмас қаза. Ардақты ағамыздың жақындарына, барша отандастарға ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын.
Мұхтар ағамыз – елдің алғысына, халықтың құрметіне бөленген тұлға. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың да оған деген ықыласы ерекше. Ұлттық Құрылтайдың Ұлытауда өткен алғашқы отырысында Президент қайраткерге еліміздің ең жоғары марапаты – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырған болатын. Бұл көпшілік асыға күткен әрі айрықша қабылдаған елеулі оқиға болды.
Мұхтар Шаханов көзі тірісінде-ақ есімін ел тарихына алтын әріптермен жазды. Әрдайым мемлекет мүддесіне жұмыс істеді. Қайраткерлігімен қоғамды алға жетеледі. Мемлекеттік тілдің мәртебесі үшін тынбай күресті. Ал шығармашылық еңбегі руханиятымызға қосылған асыл қазына екені даусыз.
Мұхтар ағамызбен бірге тұтас бір дәуір көшкендей күй кешіп отырмыз.
Қадірлі ағаның иманы саламат болсын”,- деп жазды Ерлан Қарин.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар