Бішкекте ер адамға шабуыл жасап, жыныстық сипаттағы зорлық көрсеткен төрт күдікті ұсталды, деп жазды Alash.kz.
Бішкекте Гоголь көшесінде ер адамға шабуыл жасады деген күдікпен төрт адам ұсталды.
9 қазанда милицияға Г.Р. есімді азамат арызданған. Ол белгісіз адамдардың өзіне дене жарақатын салып, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасағанын мәлімдеген.
Оқиғаға байланысты «Қарақшылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Милиция күдіктілердің жеке басын анықтап, Т.А., Э.А., З.А. және К.А. есімді төрт адамды уақытша ұстау изоляторына қамады.
Қазір оқиғаның мән-жайы мен әр күдіктінің іске қатысы анықталып жатыр.