Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Көршісі ертіп кеткен» - Жоғалған жеті баланың әкесінің жақындары бар шындықты жайып салды

21:06, 16 қаңтар 2026

Ақмола облысы Біржан сал ауданына қарасты Кеңащы ауылының тұрғыны, 31 жастағы Айжалғас Қайруллин өткен жылдың 21 қазанынан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Alash.kz. 

Ер адамның анасы Бақшагүл Даирова сол күні ұлын көршісі Азаматтың ертіп әкеткенін айтады. Анасының көз жасына ерік беріп еске алуынша, оқиға былай болған:

«Олар ауылдағы жалғыз дүкенге кіріп, содан кейін малшылар қосына қарай бет алған. Содан бері Айжалгас жоқ. Мен Азаматқа барып, ұлымды сұрағанымда, оның анасы ұлының мас болып жатқанын айтты. Кешке қайта барғанымда Азамат: «Айжалгас қоста қалды. Мен неге сенің ұлыңды іздеуім керек?» – деп жауап берді. Содан бері ол үйіне оралмады».

Сондай-ақ көршісінің 19 жастағы ұлы да басында Айжалгасты түн ортасында көргенін айтып, кейін полицияға берген түсініктемесінде бұл сөзінен бас тартқан.

Анасы бұл жағдайды былай түсіндіреді: «Басында ол: «Көкшетаудан көлікпен келе жатқанда Айжалгасты көрдім, ол әкемді сұрады. Мен әкемнің мас екенін, оған үйіне қайтқаны дұрыс болатынын айттым», – деген еді. Бірақ полицияда мұның бәрін түсінде көргенін айтып, сөзінен бас тартты. Негізі көршіміз Азамат ішімдікке салынғанын есептемегенде, жаман адам емес еді. Бізге үнемі көмектесетін. Жасы 45-те, осы жердің тумасы».

Ұлының өздігінен оралатынына сенген анасы тәртіп сақшыларына арада бірнеше күн өткенде ғана хабар берген. Ақмола облыстық ПД өкілдері ер адамның екі жарым айдан бері іздестіріліп жатқанын, бірақ әзірге ешқандай нәтиже жоқтығын мәлімдеді. Іздеу жұмыстарына дрондар, арнайы техникалар мен кинологтар жұмылдырылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар