Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан суға секіруден Азия чемпионатында көркем жүзу жарысының 13-15 жас және 15-19 жас аралығындағы еркін бағдарлама сайысында Даяна Жаманшалова мен Карина Магрупова үздік нәтиже көрсетті. Нәтижесінде алтын медаль жеңіп алды.
Даяна Жаманшалова 233.5386 ұпай жинаса, Карина Магрупова 404.0525 ұпай иеленді.
Чемпионатқа қатысып жатқан Қазақстан, Жапония, Таиланд, Өзбекстан, Сингапур, Шри-Ланка, Қытай командалары чемпион мен жүлдегерлерді айналмалы жүйе бойынша анықтайды.