Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көркем гимнастикадан Грекиядағы турнирде қазақ қызы Ақмарал Ерекешева алтын медаль жеңіп алды

23:45, 22 наурыз 2026

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Ақмарал Ерекешева Афинада (Грекия) өтіп жатқан Aphrodite Cup турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Отандасымыз көпсайыс қорытындысы бойынша алтын медаль жеңіп алды. Ерекешева жалпы есепте 109,700 ұпай жинады.

Екінші орынды Румыния спортшысы Андреа Вердес иеленді - 104,250 ұпай. Ал үздік үштікті Болгария өкілі Дара Стоянова түйіндеді - 103,450 ұпай. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар