Белгілі әзілкеш, актер Қайрат Әділгерейдің жұбайы, әнші, вокал пәнінің кәсіби маманы Бақыт Тұрман Мөлдір Мұқанмен болған резонансты жағдайға қатысты өз ойын айтты, деп жазады Alash.kz.
НТК арнасының Taboo жобасында қонақ болған әнші желіде болған даулы мәселенің жай ғана кино критикадан шыққанын жеткізді.
Әйелдер қолдауы(солидарность) деген - адамның ішкі жан-дүниесін түсіну. Мен ол адамды түсінемін. Жақсы жаңалық болсын. Жаман жаңалық болсын. Өмірінде болған қиыншылық пен жақсылықтың бәрін түсінемін. Кез келген адам ондай жағдайға түсуі мүмкін. Бірақ, бұл жерде артық ойсыз кино көрерменге жол тартты. Киноны тек қана «жақсы пікір айтылу үшін» түсірмейді ғой. Кез келген тыңдарман, көрермен өз пікірін айтуға құқылы. Болды! Артын қазбалаудың керегі жоқ!
Бұған дейін де Отандық фильмдер туралы пікірін ашық айтқан өнер иесі Мөлдір Мұқанның фильміне айтқан пікірінің астарын халық дұрыс түсінбегенін жеткізді.
Біздің өмірбаянымызда талқылайтындай, сөзге қалатындай нәрселер жоқ қой. «Ұнайды/ұнамайды» ғой тек айтатындары. Ондай проблемасы көп отбасы емеспіз ғой біз. Бұл жерде тағы да көрерменнің адасуы ғой. Сөздің астарын түсінбейді. «Мен оны не үшін айттым» деген сияқты. Олар әрі қара тереңдетіп, басқа жағынан сөйлеп кетеді. Ол жерде ешқандай басқа жағынан сөйлеп кететін нәрсе жоқ. Ол жерде тек қана - кино критика. Оны кім түсірсе де, мен барлық көрген кинома айтамын. Көрмеген киноға мен ештеңе дей алмаймын. Көрген жоқпын ғой, өйткені. Көрген кинома «ұнады, бірақ мына жерлері түсініксіз болды» деп айтамын. Кеше ғана «Тәубе» киносына бардым. Мені шақырады, барамын. Қазіргі уақытта кәдімгідей менің кино туралы пікірлерімді күтетін болған. «Сіз айтсаңыз, барамын» деп отырады. «Мардымды талқылайсыз. Жай ғана «керемет екен» деп емес, кәдімгідей талқылайсыз. Бізге ол түсінікті. Мен не үшін ол киноға баруым керек?» дейді. Мен өзімнің оқырмандарыма ғана айтамын. Соңғы 5 жыл солай айтады екенмін. Басында тек эмоция болып келді. «Жыладым. Анау туралы, мынау туралы болды» деп айтатынмын. Кейін мен кәдімгі киноның режиссері, операторлық, жарық, музыка, гримм, барлығына көңіл бөліп, тереңірек айтатын болдым.