Танымал продюсер Дариға Бадықова жетекшілік ететін Badykova Production компаниясы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жаңа жазба жариялады. Бұл туралы Alash.kz хабарлайды.
Жазбада 26 наурыздан бастап «Таптым-ау сені 3» көркем фильмінің көрерменге жол тартатыны хабарланған. Анонстың басты бетінде фильмнің негізгі кейіпкерлерін сомдайтын Олжас Абай мен Дариға Бадықованың фотосуреттері орналастырылған.
Компания өкілдерінің мәліметінше, фильм алдыңғы бөлімдерде көрерменге ұнаған кейіпкерлердің оқиғасын жалғастырады. Сондай-ақ көрермендерді жаңа сюжет пен тосын сәттер күтіп тұрғаны айтылған.
«Көптен күткен жаңалық. “Таптым-ау сені 3” 26 наурыздан бастап кинотеатрларда көрсетіледі. Сүйікті кейіпкерлеріңіз қайта оралады», – делінген жазбада.