Атырау облысының Мақат ауданы аумағында 68 жастағы әйел жаяу жүргіншілер көпірінен құлап, көз жұмды. Бұл туралы Alash.kz хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 22 мамыр күні түскі уақытта болған. Әйел Мақат кенті мен Байгетөбе ауылын жалғайтын жаяу жүргіншілер көпірінен құлаған.
Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі шұғыл жеткенімен, зейнеткерді аман алып қалу мүмкін болмаған. Ол оқиға орнында көз жұмған.
Қазіргі уақытта Атырау облыстық полиция департаменті оқиғаның нақты мән-жайын анықтап жатыр. Әзірге ресми ақпарат жарияланған жоқ.