Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Көпірден Жайық өзеніне секіріп кеткен»: Атырауда 15 жасар қыз құтқарылды (ВИДЕО)

14:06, 27 сәуір 2026

Атырау қаласындағы жаяу жүргіншілер көпірінен өзенге секірген 15 жастағы бойжеткен құтқарылды, деп жазады Alash.kz. 

Төтенше жағдайлар қызметіне хабарлама түскен бойда арнайы жасақ жедел әрекет етіп, суға батып бара жатқан жасөспірімді ажалдан арашалап қалды. Қазіргі уақытта зардап шегуші дәрігерлердің бақылауына алынған.

Оқиға орнына жағалаудағы бекеттен шыққан «Marlin» жылдам жүретін қайығымен құтқарушылар тобы жетті. Олар 4 шақырым қашықтықты 4 минут ішінде бағындырып, іздеу жұмыстарына кіріскен. Су айдынын барлау барысында қыз баланың ағыспен көпірден 800 метрдей алысқа ұзап кеткені анықталды.

Құтқару операциясы кезінде мамандардың бірі суға секіріп, жасөспірімді батып кетпеуі үшін ұстап тұрған. Әріптестері көмекке құтқару шеңберін лақтырып, екеуін де қайық бортына шығарып алды. 2011 жылы туған бойжеткен жағаға жеткізілген соң, жедел жәрдем қызметіне тапсырылды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар