Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Копенгагенде Данияның премьер-министрін белгісіз ер адам көшеде ұрып-cоғып, есеңгіретіп тастады

10:17, 08 маусым 2024 577

Данияның астанасы Копенгаген қаласында белгісіз ер адамның премьер-министр Метте Фредериксенге шабуыл жасағаны хабарланды, Alash.KZ ұлттық порталы. 

Бұл жайлы дат басылымы хабарлады. Ақпаратта жазылғандай, саясаткер М.Фредериксенге Ескі қаладағы Культорвет көшесінде белгісіз ер адам қол көтерген. Үкімет басшысының кеңсесі бұдан өзге түсінік бермеді.

Бұқаралық ақпарат құралдары саясаткер М.Фредериксеннің жағдайы жақсы екендігін хабарлады. Бірақта ол оқыста болған жағдайдан есеңгіреп, шошынап қалған. 

Қазіргі уақытта премьерге қол көтерген ер адам ұсталды.

Орайы келгенде айта кетейік, қоғам қайраткері, саясаткер Метте Фредериксен 46 жаста. Ол Дания үкіметін 2019 жылдан бері басқарып келеді.

Еске салайық, бұған дейін де Словакияның премьер-министрі Роберт Фицо жараланғанын жазғанбыз. Саясаткерге Гандлов қаласындағы министрлер кабинетінің отырысынан соң бірнеше мәрте оқ атқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар