Үндістандық кәсіби теннисші Радхика Ядав Гургаон қаласындағы өз үйінде әкесінің қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.
Радхика соңғы жылдары ITF (Халықаралық теннис федерациясы) турнирлеріне қатысып, кейін жаттықтырушы ретінде жеке теннис академиясында жұмыс істеген.
Полицияның алдын ала болжамынша, қайғылы оқиғаның себебі – тұрмыстық жанжал және қыздың табысы мен табыс көзіне байланысты әкесінің қызғанышы.
Полиция инспекторы Винод Кумар бұл туралы былай деді:
"Әкесі қызының табысына тәуелді деген әңгімелерге байланысты жергілікті халықтың мазағына ұшыраған. Осы сөздер оның намысына тиіп, қызынан бірнеше рет жұмысын тастауды сұраған. Бірақ Радхика бас тартқан. Ақыры әкесі мұны көтере алмай, осындай қадамға барған".
Радхика Ядав 2024 жылдың наурыз айында ITF рейтингінде ең жоғары көрсеткішпен 1999-орында тұрған.