Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көп қиындық көрді: Ләйлә Сұлтанқызы анасы туралы айтып, елді жылатты

12:19, 17 ақпан 2025 754

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы анасына жан тебірентер жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

“Менің жұлдызым – Дишинкам. Біріміздің анамыз қасымызда, біріміздікі жоқ… Қадірін ана болғанша біле де, түсіне бермейтініміз тағы бар. “Соңғы кезде мамаңызды көп көрсетесіз, көзінде мұңы бар, әбден қиындық көрген-ау” деген пікірлерді оқып қаламын. Иә, расымен түрлі жағдайлар бастан өтті ғой. Қайсыбірін айта берейік. Өткен өмірді қозғай бергеннен не пайда? Көбіміздің ата-анамыздың тағдыры ұқсас қой. Қиындыққа қарамай өсірді, оқытты, жеткізді. Шүкір, тәуба. Алға ұмтылуымыз керек. Өсіріп отырған ұл-қыздарымыздың бақытын көруді баршамызға нәсіп етсін. Ал қазір ыңғайы келсе, барынша анама көңіл бөліп, әр сәтін мәнді де сәнді қылғым келеді", – деп жазды медиа маманы. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар