Әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Өнер иесі бауыры шаңырақ көтеріп, жаңа өмірге қадам басқанын қуана жеткізді.
“Ата анамның кенжесі үйленді. Абдукаримовтар әулетіндегі бұл тойды көп күттік. Біздің үйдің кенжесі Айсұлтан бауырым үйленіп, үй болды.
Бақыттарың баянды, өмірлерің мәнді, әлемдерің әдемі болсын. Қолдап, қуанып, қастарыңнан табыларымыз анық.
Әр шаңырақта той бола берсін”,- деп жазды ол.