Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Комиссияға әлі жеткен жоқ: Мәсімовтың өтініші туралы

16:19, 10 маусым 2024 599

Мәжіліс депутаты, президент жанындағы кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы Марат Башимов президенттен кешірім беруді сұраған ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің өтініші комиссияға әлі жеткен жоқ, деп хабарлайды Alash.kz сайты "Азаттыққа" сілтеп.

Башимов: "Комиссияға өтініші жеткеннен кейін ол нақты түрде қаралады. Конституция бойынша, әр азаматтың комиссияға арыздануға құқығы бар. Бірақ оның өз жүйесі бар. Бірінші арыз түседі, кейін оны Жоғарғы сотқа, бас прокуратураға, ішкі істер министрлігіне жібереді. Кейін оны комиссия отырысында қарайды. Сосын оған дауыс беріп, шешім шығарып, президентке жібереді" деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар