Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Көлшікке түсіп кетіп, қатып қалған". Батыс Қазақстанда бір үйір жылқы қырылып қалды

10:41, 19 желтоқсан 2025

Әлеуметтік желілерде Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданына қарасты Саралжын ауылында бір үйір жылқының қырылып қалғаны туралы видео тарады. Бұл туралы Alash.kz сайты «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Куәгерлердің айтуынша, демалыс күндері өңірде соққан боран кезінде жылқылар су айдынына түсіп кетіп, сыртқа шыға алмай қалған. Ауа райының күрт нашарлауына байланысты кейбір жануарлар мұз құрсауында қалып, жылқылардың басым бөлігі қырылған.

Аталған ақпаратты Қазталов ауданының әкімдігі растады. Қазіргі уақытта қырылған мал саны нақтыланып, келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар