Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Көліктің дөңгелегін жарып тастады". Семейде полиция жүргізушіге оқ атты

09:09, 20 қыркүйек 2025 148

Семейде полиция мас жүргізушіні оқ атып тоқтатқан, - деп хабарлайды Alash.KZ.

 Massaget.kz хабарлауынша, түнгі сағат бір шамасында полицияға қоңырау түскен. Өскемен көшесінде эвакуатор жоғары жылдамдықпен кетіп бара жатқаны, жүргізуші мас болуы мүмкін екені айтылған.

Патрульдік полиция экипажы күдіктіні байқап, тоқтауды бұйырған. Алайда жүргізуші бұған бағынбай, жаяу жүргіншілер мен басқа көліктерге қауіп төндірген.

"Жүргізуші ескерту дабылына, полицияның талабына құлақ аспай, түрлі маневр жасады. Оны тоқтату үшін полиция алдымен ауаға ескерту оғын атып, кейін көліктің дөңгелектеріне оқ жаудырды. Дөңгелектері тесілгеннен кейін ғана эвакуаторды тоқтату мүмкін болды", - деді ІІМ өкілі.

Тізгінде 29 жастағы семейлік отырған. Медициналық сараптама оның орта деңгейде мас болғанын көрсеткен. Эвакуатор арнайы тұраққа қойылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар