Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көкшетаудағы сот әкімшілігі басшысының өлімі: Қысым көрсеткен бе? Департамент жауап берді

17:40, 18 қыркүйек 2026

Көкшетауда қалалық сот әкімшілігінің басшысы 27 жастағы Аян Дүйсековтің өліміне байланысты Ақмола облыстық Сот әкімшілігі департаменті ресми түрде түсініктеме берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Марқұмның туыстары Аянның қызмет орнында психологиялық қысымға ұшырағанын, негізсіз тәртіптік жазаға тартылғанын және қызметтік баспанасынан босату мәселесі көтерілгенін алға тартқан болатын. Алайда аталған ведомство бұл айыптаулардың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

«Аян Дүйсековке оның қызметіне байланысты ешқандай қысым көрсетілген жоқ. Еңбек қатынастары аясындағы барлық шешімдер белгіленген тәртіппен жүзеге асырылды», — деп мәлімдеді департамент өкілдері.

Уәкілетті орган жүргізген тексеру нәтижесінде марқұмға 13 тамызда еңбек тәртібін бұзғаны үшін сөгіс жарияланғаны, бірақ бұл жазаны қолдану процесінде ешқандай заңбұзушылық орын алмағаны анықталды. Сонымен қатар департамент Дүйсековті қызметтік пәтерден шығару туралы мәселенің ешқашан қаралмағанын алға тартуда.

Қазіргі уақытта ведомство құзырлы органдарға тергеу амалдары үшін қажетті барлық құжаттар мен материалдарды тапсырып жатқанын жеткізді. Мемлекеттік қызметкердің өліміне қатысты түпкілікті себептер мен оқиғаның анық-қанығы тергеу қорытындысы бойынша белгілі болады. Қайғылы жағдай салдарынан марқұмның артында екі кішкентай баласы мен жары қалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар