Әлеуметтік желілерде Көкшетаудағы микрокредиттік ұйым кеңселерінің бірінен зембілмен адамды алып шыққан сәт түсірілген видео тарады, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Бейнежазбада оқиға орнында полицейлер мен жедел жәрдем көлігі кезекшілік атқарып тұрғаны көрінеді.
Liter.kz редакциясы бұл жағдайға қатысты түсініктеме алу үшін Ақмола облыстық полиция департаментіне жүгінді.
Ведомстводағылар оқиға бойынша дене жарақатын келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
«Алдын ала мәлімет бойынша, тұрмыстық жанжал кезінде жәбірленушінің күйеуі оған пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция қызметкерлері күдіктіні жедел ұстады және тергеу жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізді», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.